Алматы кітапханалары Брайль принтерімен толықты

Алматы кітапханалары Брайль принтерлерімен толықты.

Заманауи құрылғы арқылы зағип және есту қабілеті нашар жандар мәтін оқып, суретпен танысып, аудиокітап тыңдай алады. Арнайы дисплейлер мәтінді қажетті пішінде көрсетеді. Сондай-ақ мәтінді оқитын және аудиоформатқа аударатын сканерлер орнатылған. Аудиокітаптарды тыңдау үшін кітапханалар сапалы құлаққаптармен де қамтамасыз етілді. Қалада осындай жеті кітапхана жұмыс істейді.

Асыл Әжібаев, кітапханашы:

- Қазіргі техниканың дамығаны арқасында бізге ең бірінші мәлімет алу жолы жеңілдеді бізге. Кез келген мәлімет біз үшін қолжетімді болып келе жатыр. Осыдан 4-5 жыл бұрын суреттегі мәліметтер біз үшін қолжетімсіз болатын. Қазіргі күнде пдф форматтағы мәліметтерге біз еркін қол жеткізе аламыз өзіміз. 

Толқын Алижанқызы, А.Чехов атындағы орталық қалалық кітапхана жетекшісі:

- Бұл принтер арқылы текст түрінде я болмаса сурет түрінде сол принтер арқылы шығарып ала алады. Сонымен қатар көзі нашар көретін оқырмандар үшін арнайы аппарат орнатылған. Ол аппаратта оқырмандар кітапты жақындатып, я болмаса өзінің  түсін өзгерту арқылы сол кітапты оқи алады.