Саясат Нұрбек «Қазатомөнеркәсіп» басшысымен кездесті

Саясат Нұрбек «Қазатомөнеркәсіп» басшысымен кездесті
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ғылым және жоғары білім министрлігінде ғылым және жоғары білім министрі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесті. Күн тәртібінде ғылыми-технологиялық сессияның қорытындысы шығарылып, ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Кездесу барысында 2024 жылғы қыркүйекте Қызылордада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қолдауымен ұйымдастырылған ХҚКО ғылыми-технологиялық сессия нәтижелері туралы есеп ұсынылды. Іс-шарада сирек кездесетін металдарды алу технологияларын әзірлеу, жабдықты тозудан және коррозиядан қорғау, сондай-ақ ион алмасу сорбциясы процестерінің тиімділігін арттыру сияқты өзекті ғылыми-өндірістік міндеттер шешілді. Іс-шара қорытындысы бойынша 25 тапсырма ұсынылды, 6 прототиптік шешім жасалды және 2 техникалық тапсырма дайындалды.

Негізгі нәтижелердің бірі уран алудың тиімділігін арттырудың экологиялық тұрақты әдістерін, сондай-ақ күрделі тау-кен-геологиялық жағдайларда уранды жерасты шаймалаудың инновациялық әдістерін әзірлеуге арналған техникалық тапсырма болды.

Кездесу барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ғылыми-техникалық қызметі таныстырылды және ғылыми қоғамдастықпен одан әрі өзара іс-қимыл жасау бағыттары айқындалды.

Кездесу соңында ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ сессия қатысушыларын отандық ғылым мен технологияларды дамытуға қосқан үлесі үшін алғысхаттармен марапаттау рәсімі өтті. Құжат ғылым мен уран өнеркәсібі арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған, бұл ғылыми-инновациялық технологияларды енгізуге және стратегиялық маңызы бар салаларды дамытуға ықпал ететін болады.

Министр С.Нұрбек мұндай іс-шаралар ғылым мен бизнестің күш-жігерін біріктіру үшін тиімді платформа құратынын, бұл Қазақстанның жаһандық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру контекстінде ерекше маңызды екенін атап өтті.

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі