Мәжілісмендер Қарағандыдағы машина жасау зауытының қызметкерлерімен кездесті

Қарағанды өңіріндегі ірі өндірістің бірі екі жылдан бері кешенді жаңғыртудан өтіп жатыр.

Соның арқасында машина жасау зауытына 100-ден астам заманауи жабдық сатып алынды. Қазір мұнда 650 адам еңбек етіп жүр. Жаңғырту бағдарламасы толық жүзеге асырылғаннан кейін, тағы да 250 адамға жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгін зауыт жұмысшыларымен кездескен Мәжіліс депутаттары Елбасы Жолдауын жан-жақты түсіндіріп, кәсіпорында жүзеге асып жатқан жаңғырту жұмыстарымен танысты. Мамандар пікірін тыңдап, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Осы жердегі жұмыскерлердің пікірін тыңдап және ол пікірді алдағы уақыттағы реформаға байланысты заңды талқылап, қабылдайтын кезде біз міндетті түрде қолданысқа аламыз.