А. Мырзахметов 5 жылға бас бостандығынан айырылды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл үкім оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін шығарылды. Ол зардап шегушіден шамамен 14 млрд теңге ақша жымқырған. Сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындап, әділ жаза тағайындауды сұрады. Қорғаушылардың да істі тоқтату туралы өтініші қанағаттандырылды.