ШҚО фермерлері кооперативтерге бірігіп жатыр

фото: Kazanfirst

Елбасы биылғы жолдауында алдағы 5 жылда 500 мыңнан астам жеке шаруашылық пен шағын фермерлерді кооперативтерге біріктіретін жағдай жасау керектігін айтқан еді.

Осы бағыттағы істер соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысында қарқын алып келеді. Былтыр Аягөз ауданында 12 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған болса, биыл тағы 14 бірлестік ашылады. Аудан тұрғындары Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновпен кездесуі кезінде бұл бастаманы қолдайтындықтарын айтты. Мәселен, шағын ғана Қарағаш ауылында 52 адам малын ортаға салып, нәтижелі жұмыс атқарып отыр.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елбасымыз жаңа жолдауда шағын несие беруді кеңейтуді, оны жақсартуды тапсырды. Өйткені 16 миллион теңгеге дейін несие алып, өз жұмысын жасап кетуге үлкен мүмкіндік тудырады. Қазіргі кезде ауылдағы азаматтар кәсіпкерлік жұмыс істейін деп отырған азаматтар, шаруашылықпен айналысайын деген азаматтар осыған ұсыныс айтып, қолдау білдіріп жатыр.