Алдағы үш тәулікте күн суытады

Қазгидрометтің болжауынша, алдағы үш күнде еліміздің батысы мен солтүстігінде ауа температурасы төмендейді.

Бұған солтүстік-батыс антициклонымен келетін суық ауа массалары себеп болады. Ал 17-18 ақпанда Түрікменстан жақтан оңтүстік циклон Қазақстанға қарай ауысады. Салдарынан оңтүстік-батыс, орталық Қазақстанда қар-аралас жаңбыр жауады.

«Солтүстік және Батыс Қазақстанда бұрқасын болуы мүмкін. Еліміздің кей өңірлерінде жел тұрып, тұман, көктайғақ болады» делінген хабарламада.

Сондай-ақ...