21 сәуір күнгі ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет синоптиктері 21 сәуір, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жарияялады.
Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашын жаумайды.
Тек күндіз Қазақстанның оңтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде аздаған жаңбыр сіркірейді.
Сондай-ақ республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
Қазақстан бойынша жел күшейеді.
Елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.