Елордада найзағай соғып, бұршақ жаууы мүмкін

Елордада найзағай соғып, бұршақ жаууы мүмкін

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 19 мамырда күндіз ауа температурасының 18-20 градусқа дейін күрт төмендейтінін хабарлады.

«Кей уақыттарда найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с», - делінген хабарламада.