Елордада ПД мобильді топтары қоғамдық орындарда құқықтық көмек көрсетеді

Елордада полиция департаментінің мобильді топтары тұрғындарға қоғамдық орындарда құқықтық көмек көрсетеді.

Кез келген азамат жол қауіпсіздігі, әкімшілік айыппұл төлеу, көші-қон заңнамасы және өзге де сұрақтарға қатысты маманның кеңесіне жүгіне алады. Акцияның алғашқы күні мобильді топ 200-ге жуық адамға қызмет көрсеткен. Ал сенім телефонына 50-ден астам тұрғын хабарласқан. Шара барысында санитарлық талаптар сақталады. 

Бауыржан Тоқжұманов, ПД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы