Ауа райына байланысты төрт өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 16 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман болады.

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с. Шаңды дауыл тұрады.

Сондай-ақ 16-17 қазанда Алматы облысында Алакөл көлдерінің аумағында 23-28 м/с екпінмен жел соғады, күші 30 м/с және одан жоғары көтеріледі.

Сондай-ақ...