Ресейдің 33 аймағында су тасыды

Ресейдің Орынбор облысындағы су тасқынынан келген шығын қазірдің өзінде 40 миллиард рубльден асады.

Бұл туралы аймақ басшысы мәлімдеген. Аталған шығынға зақымданған тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен басқа ғимараттар, сондай-ақ инфрақұрылымға келген жалпы зиян кіреді. Облыс орталығы - Орынбор қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі түсе бастаған. Мамандар тасқын шырқау шегіне жетті деп хабарлады. Арнайы құрылған комиссия 1772 үйдің жағдайын тексеріп, шығын көлемін есептеді.

Цитата

Біздің аймақ Үкімет комиссиясына шығынды бастапқы бағалау бойынша құжаттарды жіберді. Шығын сомасы 40 млрд рубльден асады. Бірақ қайталап айтамын, бұл бастапқы есеп. Судың беті әлі қайтқан жоқ.

Денис Паслер, Орынбор облысының губернаторы

Өз үйім – өлең төсегім

Ресей

Осы арада Ресей тұрғындарының арасында түсінбестік, тіпті дау тудырған бір түйткіл бар. Билік зардап шеккендерге тұрғын үй сертификатын беріп жатыр. Ол бойынша адамдар жаңа баспанаға ие бола алады, бірақ аумағы шектеулі. Бір тұрғынға 33, 2 тұрғынға 42, ал отбасы мүшелерінің саны 3 адамнан асса, әрбіріне 18 шаршы метрден есептеледі. Бұдан бас тартып жатқандар көп. Өйткені олардың бұрынғы үйлері үкімет ұсынған баспанадан анағұрлым үлкен, кең болған.

Қытайда 4 миллион адам тұратын Цинъюань қаласының тұрғындары тасқыннан келген шығынды есептеуге кірісті. Алапат су олардың үйін шайып кеткен. Шаһар тиесілі Гуандун провинциясында су тасқыны ерте басталды. Әдетте мұншама көп жауын-шашын мамыр-маусым айларында түсетін. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласы қатты зардап шекті. Цинъюань қаласының маңайында кәсібін дөңлелетіп келген бір ғана шаруа 100 мың юань шығынға батқанын айтады. Бұл 14 мың долларға жуық, ал біздің валютаға шаққанда 6 миллиард теңгеден асатын сома.

Хуаң Жиңроң, шаруа:

"Күріш егу - менің атакәсібім. Еккен дақылымның бәрі су астында қалды. Теріп, кәдеге жаратуға мүлде келмейді. Жеке маған 100 мың юань шығын келді. Бізге ешкім назар аудармай отыр. Үкімет ауыр жағдайымызға қаперге алатын емес."