Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Синоптиктердің болжауынша, батыста аяз күшейіп, солтүстік аймақтарда жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды Хабар 24.

Жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысында да ауа райы қолайсыз болады. Бұл өңірлерде қою тұман мен көктайғақ салдарынан жолдар жабылып жатыр. Дәл қазір Қарағанды-Балқаш, Қарағанды-Жезқазған және Қарағанды-Қарқаралы тас жолдарында көлік қозғалысы шектелген. Сондай-ақ Орал-Атырау автомобиль жолының жекелеген бөліктері жабық тұр. Осы ретте мамандар көлік жүргізушілерін алыс жолға шықпауға шақырады.