Сегіз өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Сегіз өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Бір тәуірі, Қазгидрометтің болжауынша, бұл айда қатты аяз болмауы тиіс.

Қазгидромет бүгін Қызылорда, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарында тұман түсетінін хабарлады. Батыс Қазақстанда жел күшейеді. Көктайғақ. Жамбыл облысының таулы аудандарында да көктайғақ болуы мүмкін. Ал Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады.