Бөрісырғақ жайында не білеміз?

Кешелі бері елдің көп бөлігінде үдеген ақпанның ақ бораны сәл бәсеңсіген сияқты. Қауіпті елемей сапарға шыққан біраз жолаушыны құтқарушылар қар құрсауынан алып шыққан болатын. Жалпы бір соқса, тоқтамай соғатын боранның басы қайсы, аяғы қайсы? Қазақ неге бұл боранды бөрісырғақ дейді?

Арқа даласы жан атаулыны қыстың басында текенің бұрқылымен бір сілкісе, соңында тағы апталап соғатын, ат құлағы көрінбейтін ақ бораны бар. Мұны бөрісырғақ дейді. Қазақ балсының боранға мұндай атау беруінің де өз сыры бар.

Төлеген Жаманов, аңшы, айтыскер ақын:

– Бұл уақытта қасырлардың ұйлығып, болмаса қыс бойы аңшылықтың кесірінен мысалға бір енсінде әуегінде аталығы мен аналығы боп соның біреуі ашылып кететін болса, екіншісі қалмайды ғой. Ол өзіне жұп іздейтін осындай бір аласапыран далада сарырылыстар болады бұл кәдімгі бөрісырғақ уақыты. Бұл қасырыдың жұптасатын уақыты. Бір-біірмен будандасатын уақыты. Бұл кезде кәдімгідей ұрпақ өсіруге дайындалатын уақыты.

Төрехан Майбас, жазушы, этнограф:

– Қасықрдың әуегінде мысалы 25-30 қасқырға шейін болады. Соның ішінде бір ғана аналық қасқыр болады. Оны бөрте дейді. Бір ғана еркек қасқыр болады. жаңағы тұқым шашатын. Оны бөрі дейді. Қалған қасқырлар мүмкіндігі болса да оған араласпайды. Бұл табиғаттың керемет нәрсесі. Басқа мақұылықта мұндайлар жоқ мысалы. Енді табиғаттың істеп қойғанын қараңыз. Жаңағы бөрі мен бөрте әуектен бөлніп, жаңағы бөрісырғақта көзден таса жерде жаңағы маталады.

Ақпанның орта шенінен аса басталатын бөрісырғақта барлық жерде бірдей ақтүтек боран соқпауы да мүмкін, - дейді аңшылар. Өйткені қазақтың даласы байтақ. Оның шеті мен шегіне боран да жете алмауы мүмкін.

Төлеген Жаманов аңшы, айтыскер ақын:

– Мысалға былтыр ақпанның соңғы онкүнідігінде дәл осы бөрісырғақтың уақытында мен Ұлытау өңірінде болдым. Ұлытау өңірінің сыртында әсіресе мына теріскей бетінде болдық, сонды бөрісырғақы қалай өтті, боран болған жоқ. Аспан ашық тұрды. Бірақ аттың тізесінен жоғары сырма жүріп тұрды. Бұл кәдімгі қасырдың да, кез келген қардың бетінде салмағы түсетін аңның ізін жасырып тұратын кәдімгі сырылдаған сырма жүріп тұрды. Сырғақтап. Сосын жігіттер сұрайды да, не аспанда жауып жатқан қар жоқ, мына боран қайдан келді деп. Бұл бөрісырғақ дейді.

Дала ит-құсқа өз қорған. Тау тасы, сай саласы өзегі мен қоса бораны да дәл осы қасқырға қызмет қылып тұр. Қасқыр ит тұқымдас болғанмен, жаратылысының өзі табиғатпен тұтасып кеткен.

Төрехан Майбас, жазушы, этнограф:

– Қасқырдың күшігі туа салысымен бір жетіден кейін ол ет жейді қасқырдың күшігі. Бөлтірік. Итттің күшігі. Иттің күшігін тоқай дейді мысалы. Тоқай ет жеу үшін ол кемі бір ай керек. Өйткені оның тісі жоқ. Қасқырдың бөлтіргі туғанда тісімен туады.

Бөрісырғақ өткінші емес, арты аптаға, тіпті одан да әрі созылуы мүмкін. Сол себепті бұл мезгілде адамдар малына абай болып, өзі де сақ жүргені дұрыс.

Төлеген Жаманов, аңшы, айтыскер ақын:

– Дәл осы уақытында қасқыр шынымен де ештеңеге қарамайды. Мысалы таудың ішінде жатқан қасқырлар болады. Түспейді таудан шықпайды. Соның ішіне кірген аңды жейді. Болмаса оған таяу жайылған малды жейді. Ал енді бөрісырғақ басталған уақытта ол артымнан аңшы келеді-ау, артымда ізімді іздеп біреулер келеді-ау деген ол қорқыныштардан ада болады. Өз басым куәмін. Ол кәдімгідей 7-8 шақырым жазықтыққа шығып кетеді. Сол уақытта ол тамақ іздеп шықпайды. Өйткені оның тамағы тура сол таудың іргесінде,  егінде жатқан аңға барған жоқ. Тамаққа барған жоқ. Ол жаңағы жұбын іздеп кетеді. Жалғыз қап қойған қасқырлар жаңағы сыңарынан айрылып қалған болмаса, жаңағы адасып қалғандар, атылып кеткендер бір-бірімен жұптасқан уақытта дала сапырылып кетеді.

Бөрсырғақта даланың қожасы – қасқыр. Бір есептен, сырма ізін жасырады. Бір жағынан, саршұнақ аяздан кейін қар әбден қатады. Көбік қарда күнұзаққа қуып, сілесін қатыратын жүйріктің де бұл мезгілде тауы шағылады. Өйткені әншейінде омыраулатып жететін аттың сидаң сирағын қар көтере алмауы мүмкін. Малтығып қалады. Ал бөрі сол қардың үстімен жортып кете береді.

Қорған Қонысбайұлы, Арман Әменов