Бүгін «Хабар 24» телеарнасында жаңа маусым басталды

Біз эфирдің стилистикасын жаңарттық және мазмұнына өзге қырынан қарадық.

Енді арна эфиріне күні бойы тек жаңалықтар мен ақпараттық бағдарламалар ғана емес, сонымен қатар аналитикалық марафон форматын енгіземіз. 

Біз енді тек жаңалықты таратып ғана қоймай, оның себеп-салдарын саралап түсіндіреміз. 

Барша көрерменді пікір білдіруге, талқылауға шақырамыз. 

Күн сайын біз эфирдің басты тақырыбын жариялап, сауалдарыңызды әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарымыздан және YouTube тікелей эфирінен жинаймыз. 

Біз сіздердің сұрақтарыңызды  «Дневная смена» және «Күн Тәртібі» жаңа жобаларының тікелей эфирінде уәкілетті спикерлерге қоямыз.

Бүгіннен бастап 14:00-ден 18:00-ге дейін. Қапы қалмаңыз!