Қазақстанда ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді

Қазақстанда ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді
Апостроф

Қазақстан бойынша 2022 жылдың 19-21 сәуіріне арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша синоптикалық процестердің жылдам ауысуы болжануда. Осылайша ауа райының құбылмалы сипаты күтіледі: жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде), найзағай, желдің күшеюі күтіледі. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауу ықтималдығы бар.

Өткен түнде республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болған солтүстік-батыс антициклоны, өзінің әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжуда: елдің орталығы мен шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі – түнде 3 аяз-5 жылу, күндіз 5-15 жылу, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылу болады деп болжануда.