Қазақстанда 3-5 мамыр аралығында күн суытады

Қазақстанда 3-5 мамыр аралығында күн суытады

Мамырдың 3-5 аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, жауын жауады, найзағай ойнайды.

Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

«Елдің батысында ауа температурасының төмендеуіне ықпал еткен солтүстік-батыс антициклоны елдің солтүстік-батыс, солтүстік, орталық өңірлеріне қарай ойыса береді. Бұл аймақта термометр бағаны түнде -6 градусқа дейін төмендеп, Қарағанды облысыың оңтүстігінде -10-15 градус, күндіз 7-23 градус жылы болады. Түнде және таң ата тұман түседі. Қазақстанның оңтүстік жартысында Оңтүстік циклонының ықпалымен жауын жауып, кей жерлерде нөсерлетіп, найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. Обь аумағынан келетін циклонның ықпалымен күн құбылмалы болады. Соған қарай жауын жауып, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 градусқа дейін жетеді. Жалпы алғанда республикасынң басым бөлігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан мамыр айының басында күн аздап жылына түседі. Апта соңында температура 13-25 градусқа дейін жылиды. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік шығысында ауа температурасында айтарлықтай өзгеріс болмайды» делінген хабарламада.