Жасыбайда шомылу маусымы қашан ашылады

Жасыбайда шомылу маусымы қашан ашылады
TR-KAZAKHSTAN.KZ

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәлімдеуінше, 18 маусымда Жасыбай көлінің жағасында Баянауыл курорттық аймағының жазғы маусымының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

- Қонақтарды концерттік бағдарлама, қолөнершілер жәрмеңкесі, балалар мен ересектерге арналған викториналар, экскурсиялық турлар, спорттық ойындар, велотурлар және тағы басқа да шаралар күтеді, - деді басқармада

Сол күні Павлодар қаласынан Павлодар-Жасыбай - Павлодар бағыты бойынша тегін көлік ұйымдастырылады.

Автобустарға өтінімдер телефон арқылы қабылданады: 8 705 162 00 44 және 8 778 288 41 37.

- Өтінімдерді алдын ала беру керек. 5 автобус дайындадық. Жалпы 250 орын бар. Қазірдің өзінде 100-ге жуық орынға өтінім келіп түсті, - деді басқармада.

Автобустар «Достық» үйінің алдында тұрады. Сағат 7:30-дан отырғызу басталып, 8:00-де шығады. Шаралар 13:00-де басталады. Ашылуға қатысты бағдарлама кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасып, 18:30-да автобустар кері қайтады.

Айта кетейік, Баянауылда 46 демалыс үйі бар. Демалыс үйлердің сыйымдылығы 4641 адамды құрайды.