Нұр-Сұлтандағы Е-34 көшесінің учаскесі толығымен жабылады

Нұр-Сұлтандағы Е-34 көшесінің учаскесі толығымен жабылады
kstnews.kz

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Е-34 көшесіндегі жол төсемі жұмысын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ағымдағы жылғы 2-20 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Е-34 көшесінің Е-15 көшесінен Е-17 көшесіне дейінгі учаскесіндегі автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.

- Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген бейінді басқарманың хабарламасында.