Еліміздің кейбір өңірлерінде үсік жүреді
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.
Қазгидрометтің болжауынша, елдің солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, елдің шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр қар жауу ықтимал. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстікте, шығыста, республиканың орталығында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Ал маңғыстау облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысында өрт қаупі сақталады.