Ел бойынша 25 жол учаскесі жабық тұр
Ауа райының қолайсыздығынан ел аумағында республикалық маңызы бар 25 жол учаскесі әлі де жабық тұр.
Әсіресе Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында жағдай күрделі. Бірнеше күннен бері мыңдаған жолшы мен жүздеген арнайы техника ақтүтек боран салдарымен арпалысып жатыр. Кейбір жерде қардың қалыңдығы 50 сантиметрге дейін жеткен. Қазір Ақмола облысында көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды.