loader


Еліміздің 13 өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Боран үдеп барады. Елдің 13 өңірі мен Астана қаласында ескерту жарияланды.

Синоптиктердің болжауынша, ертең бас қалада көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Оңтүстікте, әсіресе таулы аймақтарда да қар қалың түседі. Күн тұманды болады.  Батыс Қазақстанда ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендеп, аяз күшейеді. Ал елдің шығыс мен арқа өңірінде боран жалғасады. Қазір көп аймақта боран көз аштырмай тұрғандықтан төтенше жағдай қызметі алыс жолға шықпауды ескертеді.

Сондай-ақ...