Республикалық маңызы бар жолдардың учаскелеріне шектеу қойылды
Қатты аязға байланысты көлік қозғалысы қиындап, республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесіне шектеу қойылды.
Ал көліктің барлық түрлері үшін Ші-дерті Тұзды, Ботақара-Төртқұдық және Аягөз-Қалбатау трассасы жабық тұр. Тасжолдарды тазалау жұмыстары үшін 250 бірлік жол-пайдалдану техникасы мен 350-ден астам қызметкер жұмылдырылды. Мамандар осы күндері алыс жолға шықпауға кеңес береді. Қазір еліміздің құтқару және коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр.