Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды
15 қантарда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ: 15 қантарда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
15 қаңтарда Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 15 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі
15 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 15 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
15 қаңтарда Абай облысының түнде батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
15 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.
15 қаңтарда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
14-15 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде 14-15 қаңтарда облыстың солтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында 30-34 градус қатты аяз сақталады.
Тараз қ.: 14-15 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі. Түнде 14 қаңтарда 30 градусқа дейін қатты аяз сақталады.