Елімізде республикалық маңызы бар бірқатар жол жабылды

Күнгейдегі күн райы құбылып тұр.

Бұрқасын боранның әсерінен Жамбыл, Түркістан және Қарағанды өңірлерінен өтетін республикалық автожолдардың бірқатар учаскесі жабылды. Салдарынан Түлкібас ауданы Шақпақ-аба ауылының маңы мен ірі тас жолдарда 200-ден аса көлік пен 600-ге жуық адам жолда қалды. Табиғаттың тосын мінезінен тағы 15 жолаушы автобусы жүре алмай тұр. Қазір мұнда ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. Қазавтожолдың мәліметінше, жолды тазартуға 300-ден аса техника мен 500 маман жұмылдырылды.