Еліміздің 3 өңірінде жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 3 өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбе облысындағы Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі тасжол бөлігі көліктің барлық түрі үшін жабық. Сондай-ақ «Қарабұтақ-Денисовка-Қостанай»  тасжолының Ақтөбе облысымен шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі аралықта көлік қатынасы тоқтады. Сонымен қатар Қарағанды облысындағы «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі учаскеде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.