Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бойында қар көшкіні жүруі мүмкін
Алматыда күннің күрт жылынуына байланысты 5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бойында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына тау беткейіне бармауды ескертеді. Егер қауіп-қатер туындаса, 112 және 109 нөмірлеріне хабарласып, көмек сұрауға болады.
Айта кетейік, Алматыда күн 17 градус жылы. Құтқарушылар қазір тау беткейлері мен өзен-көлдерді шолып жүр. Әзірге қауіп болмағанмен, «сақтықта қорлық жоқ».
Дамир Түлебаев, Төтенше жағдайлардың алдын алу баскармасының инженері, азаматтық қорғау лейтенанты
- Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің алаптарында жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының биік болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Осыған байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қарлы беткейлерге шығудан бас тартуларыңызды сұрайды.