Синоптиктер дауылды ескерту жариялады.
Қазгидромет мамандарының болжауынша, ертеңнен бастап Жамбыл, Жетісу, Алматы облысы және Алматы қаласы маңындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Салдарынан өзендерде су деңгейі жоғарылауы мүмкін. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қар аралас жауын-шашын болжанып отыр. Бұл өңірлерде күн күрт жылынып, мұз еріп, өзендердің тасу қаупі сейілмей тұр.
