Мүгедектігі бар сотталғандарға бас-көз болып жүрген сотталушыларға жәрдемақы төленеді
Елімізде бірінші топтағы мүгедектігі бар 54 адам бас бостандығынан айырылған.
Енді оларға бас-көз болып жүрген сотталушыларға ай сайын жәрдемақы төлене бастайды. Сенат қабылдаған әлеуметтік кодекске сай жәрдемақы 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейінде белгіленген. Биыл ол 65 313 теңгеге тең. Кодекс нормасында жүріп тұруы қиын бірінші топ мүгедектеріне қызмет көрсететін жеке көмекшілер де ескерілген. Қазір елде 30 мыңға жуық жеке көмекші бар. Енді олар міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіледі.