Генетикалық зерттеулерді Қазақстанда жасатуға болады

Генетикалық зерттеулерді енді шетелге шықпастан Қазақстанда да жасатуға болады.

Бұл туралы биомедицина саласының ғалымдары бас қосқан конференцияда айтылды. Назарбаев Университетінің медицина мектебінде еліміздегі биомедициналық және генетикалық зерттеулердің даму барысы талқыланды. Әр өңірден келген мамандар өзекті зерттеулерге тоқталып, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ университетте шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасу мақсатында Colabarity Fersezh жобасы жұмысын бастаған. Жалпы ғалымдардың ілкімді жобасын қолдауға бағыталған қаржы көлемі артып келеді. Қазақстандағы ғылымды қаржыландыру көрсеткіші де артты. Былтыр бюджеттен 70 млрд теңге қаржы бөлінсе, биыл бұл салаға 160 млрд теңге бағытталған.

Қуаныш Ерғалиев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:

- Институттардың барлықтарында биомедицинаға қатысты жақсы зерттеулер болып жатыр. Бірақ олар сапалы зерттеу жасау үшін шет елдік әріптестер зерттеуге тырысады. Бірақ шетелге бармай-ақ Қазақстанда жоғарғы деңгейде зерттеу жасауға мүмкіндіктер бар және олар осы НУ бірге жақсы зерттеулер жасалынады.