Елде дауылды ескерту жарияланды
Бүгін бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды.
Атап айтқанда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жететін қатты жел тұрады. Сондай-ақ, солтүстік аймақ тұрғындарына да мамандар қатаң ескерту жасапты. «Ақмола, Қостанай облыстарында қар еріп, жолдарды қарғын су басуы ықтимал. Қарағанды облысын қою тұман торлайды», - дейді Казгидромет мамандары.