Алматыда қар көшкіні жүруі мүмкін

Үлкен және Кіші Алматы  өзендері бассейнінде қардың еруіне байланысты көшкін жүруі мүмкін.

Сондықтан құтқарушылар тұрғындарға алдағы 3 күнде аса сақ болып, қауіпсіздік ережелерін естен шығармау қажеттігін ескертуде. Жалпы Оңтүстік шаһарда жыл басынан бері 60-тан астам қар көшкіні болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.