Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.
Синоптиктердің алдағы 3 күнге жасаған болжамы осындай. Мәселен, Ақмола облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Батыс Қазақстанда найзағай ойнайды. Қызылорда облысында ауа температурасы жоғарылап, өрт қаупі төнуі ықтимал. Маңғыстау оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз бұршақ жауады. Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында күн бұлттанып, жаңбыр жауады.