Еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқырап, өткінші жаңбыр жауады

Алдағы күндері елдің батысында аптап ыстық болады.

13-14 маусым аралығында сынап бағанасы күндіз 40- 41 градусқа дейін жетеді. Синоптиктер осындай болжам жасап отыр. Ал елдің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 14-інде оңтүстік-шығыста қалың жаңбыр, бұршақ жауады. Ал оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Алина Исмағұлова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

- Солтүстік және шығыс аймақтарда күн райы бірқалыпты болады. Онда ауа температурасы түнде +5+15°C, күндіз +17+25  градус жылылықты көрсетеді.