Астанада «Атамұра» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуға жақын

Мемлекеттік кепілдігі бар қолжетімді баспана.

Астанада "Атамұра" тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Бірінші кезектегі пәтерлер биыл тамыз айында пайдалануға беріледі. Тұрғындар армандаған үйлерін ипотека немесе бөліп төлеу арқылы сатып алу мүмкіндігіне ие.

Заманауи, жайлы және көлікпен кіріп-шығуға қолайлы. "Jetisu" компаниясы осы айтылған талаптарға сай келетін "Атамұра" тұрғын үй кешенін салып жатыр. Құрылыс жұмыстары кезінде сапаға баса мән берілген, дейді кәсіпорын өкілдері. Әр бөлшек назардан тыс қалмайды. Нысанның қасбеті болаттан жасалған панельдермен жабылуда. Мамандардың айтуынша, бұл материал қолайсыз күн райына төзімді және механикалық соққыға шыдамды.

Жанат Төлегенов, "Jetisu" құрылыс компаниясының құрылтайшысы:

- Көп уақытты жылуға беріп жатырмыз. Мысалы, жай ғана нәрсе. Екі блоктың арасында температуралық шов дейміз, сол жерде жоба бойынша жылыту бар. Сол үшін біз өзіміз қымбатырақ болса да, "минеральная вата" дегенді салдық. Көп кетсе де алған кісілерге жылы болсын деген ниеттеміз. 

Сату бөлімі: 8 771 200 88 15

"Комфорт" санатындағы көп қабатты үй елордадағы "Нұрлы жол" теміржол вокзалы жанынан тұрғызылып жатыр. Алғашқы кезек тамыз айында берілсе, кейінгісі келесі жылдың жаз айларына жоспарланған. Баспана кілтін алу үшін қала тұрғындары мен қонақтары үшін тиімді шарттар қарастырылған. 

Динара Жұтабаева, "Jetisu" құрылыс компаниясы сату бөлімінің жетекшісі:

- Біз екінші деңгейлі банктер арқылы жұмыс істей бастағанымызды қуана хабарлаймыз. Ипотекалық бағдарламалар үлесі 20 процент. Тағы екінші кезек үшін мердігер мекеме тарапынан бөліп төлеу мүмкіндігі бар. "Jetisu" компаниясы мемлекеттік кепіл бойынша қызмет атқарады. Барлық халықаралық стандартты ескере отырып, сапаға кепілдік береміз.   

"Jetisu" отандық нарықта 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан құрылыс компаниясы. Осы кезең аралығында білікті мамандардан құралған кәсіби ұжым 30-дан астам тұрғын үй кешені мен коммерциялық нысан салды.

Мирлан Алтынбек, Арман Ақшабаев