Алдағы апта елдің біраз аумағында жауын жауады

Күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Кей өңірлерде бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Бүгін Астанада жаңбыр сіркіреді. Ертең шаһарда ауа температурасы күндіз +28, түнде +18 градус жылы. Бірақ желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматы қаласында күн бұлттанып, сынап бағанасы +30 градусты көрсетеді. Арасында өткінші жауын жаууы ықтимал. Елдің батысында да жауын-шашын. Маңғыстауда тұман түседі. Солтүстікте ауа температурасы күндіз +13 +15 градус шамасында. Арқаға жауған жаңбыр түстік өңірлерді де шиырлайды.