Елдің басым бөлігінде өрт қаупі сақталады
Мамандар осылай деп ескерту жариялады.
Әсіресе оңтүстік, батыс және шығыс аймақтарда күн қатты ыстық болады. Қазгидрометтің мәліметінше, батыс өңірде ауа температурасы 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Ал Астанада жел соғып, күн райы жауын-шашынды болады. Елдің орталық, шығыс, солтүстігінде жаңбыр аралас бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Түркістан мен Алматы облыстарында жаңбыр жауып, екпінді жел соғады деп болжанып отыр.