Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады.
Мамандар дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер оңтүстік, батыс және шығыс аймақтар мен Қостанай облысында жоғары өрт қаупі сақталатынын хабарлады. Ал батыс өңірлерде, термометр бағаны күндіз 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Астанада желді және жаңбырлы ауа райы күтіледі. Еліміздің орталық, шығыс, солтүстігінде бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Қазгидромет болжамынша, оңтүстік облыстарда, жел екпіні күшейеді.