Елімізде сынап бағанасы 43 градусқа дейін көтеріледі

Алдағы 3 күнде елімізде сынап бағанасы 43 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктер елдің басым бөлігінде күн ыстық болады деген болжам жасады. Сондай-ақ алдағы уақытта ауа райы өзгеріп, жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал, - дейді Қазгидромет мамандары.