Декларацияны қағаз жүзінде тапсыру аяқталды

Бүгін декларацияны қағаз түрінде тапсыру мерзімі аяқталады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша осы уақытқа дейін 1,5 миллионнан астам жеке тұлға 250.00 нысанды «кіру» декларациясын ұсынды. Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі биыл 1 қаңтарда басталды. Бұл кезеңде алғаш рет мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары декларация тапсырды. Енді 15 қыркүйекке дейін қабылдау электронды түрде жалғасады. Сондай-ақ егер мерзімнің соңғы күні демалысқа түссе, берілген мерзім келесі жұмыс күні аяқталады.