Алдағы тәуліктерге ауа райы болжамы жарияланды
Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық әлі де жалғасады.
Қазгидромет мамандарының болжамынша Ұлытау, Абай, Жетісу, Қостанай, Ақтөбе облыстары мен Шығыс Қазақстан аймағында сынап бағаны 38 градусқа дейін көтеріледі. Елдің батысы мен солтүстігінде және қиыр шығысында нөсер жауын болады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Өзге аймақтар жауын-шашынсыз. Республика бойынша жел екпіні күшейеді. Сондай-ақ елдің басым бөлігінде өрт қауіпі де жоғары.