Түркиядағы өрт Қазақстаннан барған туристер үшін қауіпті емес
Түркиядағы алапат өрт қазақстандық демалушылар үшін қауіпті емес.
Бұл туралы "Туристік қамқор" қорының басшылығы мәлімдеді. Дәл қазір онда 18 мыңға жуық отандасымыз демалып жатыр. Оның тең жартысы Кемер қаласында. Мұндағы демалыс орындары қазақстандық туристердің ең көп баратын жері. Әсіресе, шілде мен тамыз айларында үлкен сұранысқа ие. «Туристік Қамқор» қоры төрағасының сөзінше, отандастарымыз елге ертерек оралуды жоспарлап отырған жоқ. Ал, Түркия тарапы орман өрті қонақүйлерден шалғай, тау бөктерінде болып жатқанын хабарлап отыр. Сондықтан қызыл жалынның курорттық аймаққа таралу қаупі жоқ.
Инна Рей, Туристік қамқор қорының төрағасы:
- Бүгін біз тағы да сөйлестік. Ондағы отандастарымыздың жағдайы жақсарғанын және өрттен қауіп төнбейтінін хабарлады. Олардың айтуынша, әзірге демалуға еш кедергі жоқ. Бүгінгі таңда тек қоныстанған қонақ үйлерінен түтін көрініп жатқандарын айтқан. Бірақ өрттің иісі ауаның ластануына қатысты келеңсіз жағдай туындамапты.