Еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» жексенбі күні астаналықтар мен тағы 3 қаланың тұрғындарына серуеннен бас тартуға кеңес береді.
Өйткені Астана, Алматы, Ақтөбе және Атырау қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Ауа райының өзгеруінен аталған қалаларда атмосферадағы зиянды заттар үлесі көбейеді. Атырау мен Алматыда сынап бағаны 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Ақтөбеде 28 градус ыстық болады. Ал Астанада түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел тұрады. Мамандар балалар мен жүкті әйелдерге серуен уақытын қысқартып, көлік трассалары мен басқа да түтін шығаратын нысандардан аулақ жүруге шақырады. Тыныс жолдары, жүрек-қан тамыр аурулары, аллергиялық дерттері бар адамдарды дәрі-дәрмегін ала жүруге шақырады.