Жезқазған мен Сәтбаевта ауаның ластану деңгейі артқан
Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында ауаның ластану деңгейі жоғары.
Бұған Аралдан ұшқан тұз бен аймаққа құлап жатқан зымыран қалдықтары себеп. Ғалымдардың пікірі осыған саяды. Олар сәуір айынан бері топырақтан 800-ге жуық сынама алған. Сонымен бірге жерасты және жерүсті суларын, жануарлар мен өсімдіктерді зерттеді. Бірақ есеп берген зерттеушілер әлі нақты қорытынды шығаруға ерте деп отыр. Зерттеу жұмыстары әлі екі жылға созылады.
Сейілхан Асқаров, ғылыми-зерттеу тобының жетекшісі:
- Біз жұмыс бастағалы 3 ай ғана өтті. Сондықтан дәл қазір нақты шешім айтуға ерте. Алдын ала болжамды ғана айта аламыз. Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Қарсақбай кентінде ауаның ластануы жоғары. Өңір қоршаған ортаға шығарылған зиянды қалдықтар бойынша адам басына шаққанда республика бойынша екінші орында тұр.