«Астана LRT» бағыты белгілі болды
«Астана LRT» жобасында барлығы 18 станция мен 19 пойыз болады.
Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді. Жоспар бойынша аялдамалар мына мекенжайларда орналасады: Әуелі пойыздардың бағыты халықаралық әуежайдан басталып жаңа «Нұрлы жол» вокзалына дейін қатынайды. Көліктің жүру кестесі сынақ кезеңінде нақтыланады. Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қазір LRT-ның алғашқы іске қосу кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын қаржаттың бөлінуіне қарай 2 жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.