Тамыздың алғашқы он күнінде ауа райы қандай болады?
Қазгидрометтің болжамына сүйенсек, тамыздың алғашқы он күні ыстық болады.
Яғни еліміздің басым бөлігінде сынап бағаны 30 градустан төмен түспейді. Солтүстік, шығыс және орталықта да аптап күтілуде. Дегенмен, синоптиктер айдың ортасынан аса күн суып, жаңбыр жиі жауатын айтады. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы да мүмкін.
Айжамал Сағынтаева, «Қазгидромет» РМК І дәрежелі инженер-синоптигі:
- Алдағы он күндікте Астана қаласы бойынша, жаңағы норма 35 градусқа дейін болып есептеледі ғой және де осы он күндікте нормадан асуы мүмкін деген болжам бар. Ал ең нормадан асатын облыстарға келетін болсақ, ол Маңғыстау, Қызылорда және де Түркістан облыстары деп болжанып отыр.