Тамызда Қазақстанда ауа райы көп құбылады
Бірқатар өңірде қатты жел тұрып, бұршақ пен жаңбыр жаууы мүмкін.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Синоптиктердің айтуынша, айдың алғашқы 10 күнінде ауа температурасы аздап төмендейді. Тамыздың қалған бөлігі құбылмалы болады. Ыстық және құрғақ күн салқын әрі жаңбырлы ауа райына ауысады. Кейде найзағай тұрып, бұршақ жауады.
1 айға арналған болжамның ықтималдығы жоғары емес. Алдағы уақытта синоптиктер түзету енгізуі де мүмкін.