6 тамызда бірқатар аймақта күн ыстық болады

Ертең, тамыздың 6-сы күні бірқатар аймақта күн ыстық болады.

Синоптиктердің болжауынша, Атырау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облысының батысында сынап бағанасы 35-39 градустан жоғары. Маңғыстау өңірінде 41 градусқа жетсе, Жетісу мен Алматы облыстарында 40-42 градус ыстық болады. Сондай-ақ елдің бірқатар өңірінде күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін.