Азаматтар жеке құжаттарына өздері өзгеріс енгізе алады
Енді тұрғындар туу туралы куәлігіне, жеке төлқұжатына, неке қию немесе ажырасу және бала асырап алу мен қайтыс болу туралы актілік құжаттарына өз бетінше өзгерістер енгізе алады.
Оны «егов.кз» порталы арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін ұялы телефон немесе компьютер болса жеткілікті. Қызметтің нәтижесі порталдағы азаматтың жеке кабинетінде хабарлама ретінде көрсетіледі. Дайын жаңа құжатты Халыққа қызмет көрсету орталығынан алу қажет. Қызмет тетігі ресми түрде 1 апта бұрын іске қосылды. Бүгінге дейін онымен 140 адам қолданып үлгерген.