Жетісу өңірі мен Алматы облысының таулы аймақтарында қалың жауын өтеді.
Қазгидрометтің хабарлауынша кей тұстарда дауыл тұрып, бұршақ, оның артынша қар аралас жаңбыр жаууы да ықтимал. Ал елдің өзге аймақтарында ара-тұра жел тұрғанмен тыныш. Тек Арқа және солтүсітк пен батыста түнде және таңғы уақытта тұман түседі. Ал Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында күн 38 градусқа дейін ысиды. Көптеген аудандарда өрт қаупі бар. Жалпы сарша тамызды қазақтың бір атауы - Сүмбіле. Сүмбіле туса су суыр деген бұрыңғылардың айтуы осы шақтан бастау алса керек.